Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Көрсеткіш екі есеге төмендеп, бір медициналық орталық жабылды

Көрсеткіш екі есеге төмендеп, бір медициналық орталық жабылды

Көрсеткіш екі есеге төмендеп, бір медициналық орталық жабылды
ашық дереккөзі

Сайрам ауданында соңғы аптада короновирус дертіне шалдығып, ауруханада ем қабылдап жатқандар саны 50 пайызға, ал пневмонияға шалдығушылар саны 70 пайызға азайды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Ал «САПА» медициналық орталығында ем қабылдап жатқан науқастар емінен айығып, толық үйлеріне қайтты. Қазір бұл медициналық орталықта covid-19 індетімен емделетін науқастар жоқ болғандықтан орталық жабылды.

Карантиндік талаптарды қатаң сақтау нәтижесінде індеттің таралуы айтарлықтай төмендеді.

Жалпы, Сайрам ауданында 10 базар бар. Олардың екеуі мал базары, үшеуі киім-кешек және 2 азық-түлік, қалғаны аралас базарлар.

Осы аралас базарлардың ішінде киім-кешек саудалайтын бөлігі жұмысын уақытша тоқтатты.

Ал көлемі 500 шаршы метрден аспайтын киім-кешек сататын орындар сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін карантин режимінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, өткен аптада Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н. Нышынов келіп, аудандық мобилді топ құрамымен бірге аудан орталығындағы базарлармен сауда орталықтарын аралады.

Бақылау барысында Сайрам ауданындағы санитарлық талаптардың сақталуына Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер оң бағасын берді.