Бүгін Ақсукент ауылындағы Сұраншы батыр көшесінде көпқабатты №8, №30, №71, №73 үй тұрғындарына тазалық сақтау, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен Ақсукент ауылдық округінің әкім аппаратының көшпелі жиынына қоқыс тасымалдаушы мекеме өкілдері де қатысты.
Мердігерлерге қоқысты алып кету кестесіне өзгерту енгізіп жиі алынуы тапсырылды. Тұрғындардың кәріз жүйесі бойынша бір қатар кемшіліктерге шағымдар мен ұсынысын тыңдаған аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев "Сайрам тазалық" мекемесімен бірге қолға алатынын айтты.
Енді Ақсукент әкім аппараты қоқыс тастайтын жәшіктердің санын көбейту бағытында жұмысты жандандырмақ.