Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Қазақстанда қазақтілділер дискриминацияға ұшырайды»: «Қазақша жаз» қозғалысының нәтижесі қандай?

"Қазақстанда қазақтілділер дискриминацияға ұшырайды": "Қазақша жаз" қозғалысының нәтижесі қандай?

«Қазақстанда қазақтілділер дискриминацияға ұшырайды»: «Қазақша жаз» қозғалысының нәтижесі қандай?
ашық дереккөзі
 width= Биыл шілде айының 23-і күні еліміздің қазақтілді белсенді жастары әлеуметтік желіде «Qazaqsha jaz» атты қозғалысты бастаған еді. Қозғалыс мүшелері Қазақстандағы қызмет көрсету, сауда-саттық саласындағы ірілі-ұсақты компаниялардың ресми парақшаларына барып, ақпаратты орыс тілімен қатар, қазақ тілінде де беруді сыпайы түрде сұрайды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Аталған қозғалыстың ресми келбеті жоқ.
«Біздің кампанияның мақсаты –  қазақ тілін дамыту, бірақ белгілі бір компанияларға қысым жасау емес. Күнделікті өміріміздің ыңғайлы болғанын қалаймыз. Қазақстанда ең көп дискриминацияға ұшырайтын – қазақтілділер. Ауылдан келгендердің көпшілігі қалада қазақша сөйлегені үшін ұрыс естіген, қазақша сөйлегені үшін ыңғайсызданған.  Біз қазақша сөйлеу ұят емес, қазақша сөйлеу керісінше, сән деген түсініктің қалыптасқанын қалаймыз. Себебі мегаполистегі адамдар түрлі қызмет көрсететін орындарға, тауар сататын дүкендерге барған кезде бірінші кездесетін мәселесі – коммуникация. Яғни қызметтерді қазақша ала алмау, қазақша қызмет көрсететін маман тапшылығы. Жалпы бизнеспен айналысатын мекемелердің қазақшаға немқұрайлы қарым-қатынасы. Бұл ракета ұшырып, велосипед ойлап табу сияқты ұлы идея емес. Біздің жұмысымыз – тек қана сол идеяны жүйелендіріп,қызмет көрсету мекемелері мен тауар сататын дүкендердің естеріне салу ғана», - дейді белсенді.
Қозғалыс жұмысы еріктілердің көмегімен жасалып  жатыр. Олардың қатарында дизайнер, программист, журналистер мен күнделікті қоғамда болып жатқан процестерге бей-жай қарамайтын адамдар бар. Алғаш «Қазақша жаз» деген чат ашылған уақытта бір күннің ішінде 200, екінші күні 500, үшінші күні 1000 адам жиналды. Қазір Instagram парақшаға 5000 жуық адам жазылған. Әлеуметтік желілердегі парақшаларды басқарып отыратын топ бар. Ол топ 5-6 адамнан тұрады. Айта кететіні, «Қазақша жаз» қозғалысының талап-тілектері сыпайы әрі мәдениетті түрде жүзеге асырылады. «Қазақша жаз» қозғалысының талап-тілегінен кейін еліміздегі «KFC», «LG», «Mechta.kz», «Sаmsung», «Glovo», «Huawei» және осы тектес көптеген компаниялар әлеуметтік желідегі парақшаларына қазақ тілінде ақпарат бере бастады. Ал "Borjomi", "Subaru", "Lexus", "Bro Glasses" осы қозғалысты көріп, өз еріктерімен қазақша жазуды қолға алды.