Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда білім алғысы келетін зағип баланың әніне жұрт сүйсінді

Қазақстанда білім алғысы келетін зағип баланың әніне жұрт сүйсінді

Қазақстанда білім алғысы келетін зағип баланың әніне жұрт сүйсінді
ашық дереккөзі
 width= "Қарғам-ау қайдан келдің, қайдан көрдім, Ақ үрпек балапаны сайран көлдің" деп домбырамен жайлауда ән шырқаған жас баланың даусына желідегі жұрт таңғалып жатыр. Tengrinews.kz әнші баланың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Жас әнші - Өріс Төлегенұлы. Қазір Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы жайлауда болғандықтан өзімен сөйлесе алмадық. Алайда әннің авторы Халық Ризабек арқылы оның ұстазы Мырзатай Бексұлтанмен тілдестік. Ол да оңай болған жоқ, себебі Қытай Халық Республикасындағы азаматтармен тек WeChat (қытайлық мессенджер) арқылы сөйлесуге болады. Сондықтан Нұр-Сұлтандағы ҚХР елшілігінің қызметкерлерінің көмегімен сұхбаттастық. Өзін "Өріс Төлегенұлының өнердегі ағасы, өмірдегі ұстазы Мырзатай Бексұлтан боламын" деп таныстырған мұғалім жас әнші туралы айтып берді.

Өріс 13 жаста, ата-анасы малшы

Өріс Iле облысына қарасты Нылқы ауданының Қаратөбе аулы Қараой қыстағында дүниеге келген. 13 жаста. Отбасында 5 жан бар: екі ағасы және ата-анасы. Әкесі - Төлеген Қайнашұлы, анасы - Күлiмхан Райымбекқызы. Екi ағасының бiреуi орта мектепте оқиды, бiреуi жоғары мектепке аттанған. Ал ата-анасы - малшы.  width=

Өріс бір жас кезінде көзіне ақ түскен, отаға кеш қалған

Музыкалық білімдi қалай үйренді десеңіздер, Өріс 3 жасынан бастап, әнге, музыкаға қызыға бастаған. Бәрін де радиодан, теледидардан тыңдап, бiлiп үйренген. Ал  не үшін көрмейдi десеңіз, Өріс бір жасында көзіне ақ түсу себебінен екі көзі бiрдей көрмей қалған. Дауа алуға отбасы жағдайымен уақыт өткiзiп алған. Соңғы жылдары осы облыстағы үлкен емханаларға алып келiп көрсеткен, операция жасаймыз деген. Бірақ жүзде-жүз сақаюына кепілдік бере алмаған. Сосын операция тоқтап тұр.

Сабағынан қалмайды

Өрістің сабағына келсек, сол ауылдағы орта мектепте оқиды. Сабақтан қалып көрген емес. Сабақта жақсы.

Бірнеше аспапта ойнайды, шет тілдерін меңгергісі келеді

Өріс ән айтудан сырт, домбыра, гитара, электрондық рояль және үрмелі аспаптарды - осыларды үйреніп жатыр. Өзінің айтып жүрген әндерін домбырамен, осы аспаптармен шерте біледі. Өрістің жақсы көретін әндері көп, яғни Димаш сияқты. Халық әнін де, эстрада әнін де, басқа шетел әндерін де үйренгісі келеді. Осы әннен басқа қызығушылығы - шет тілдерді меңгергісі келеді.

"Мен Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді"

Болашақта кім болғың келеді деген сұраққа Өрістің өзі "Мен Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді, Димаш болғым келеді" дейді. Мықты әнші боларына көзіміз жетеді. Ал енді қазақтың әндерінен қандай әндерді жақсы көреді, айтады десеңіздер, Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақ аталарымыздың әндерін ұнатып, тыңдайды. Орындағысы келеді.

Конкурстардың жеңімпазы

2018 жылы Шыңжанда ұйымдастырылған балалар арасындағы ән жарысында бірінші орын алды. Іле облысында балаларға арналған жарыста да бірінші орын алған.

Қазақстанда жоғары білім алғысы келеді

Қазақстанға келгісі келеді. Болашақта жоғары білімін Қазақстанда алуды армандайды. Әннің сөзін жазған Несіпбек Айтұлы "Өнерде шекара жоқ" деген атаумен Facebook желісінде пост жазып, баланың өнеріне сүйсінді. "Көбіне композиторлар музыкасын шығарады, содан соң соған өлең жазамыз ғой. Солай осыдан 1-2 жыл бұрын Халық Ризабек бауырым "аға, әнге сөз жазып беріңіз" деп келді. 4-5 күн бірге жүріп, сөзін жаздым. Ол домбырамен музыкасын тартты, мен сөзін жаздым. Осылай ән болып шықты... Иә, әнді керемет орындаған Өріс деген баланы көрдім, қуанып қалдым. Тамаша орындайды, талант",  - деді Несіпбек Айтұлы.  width=

"Арман-ай" - Арқаның қызына арналған ән

Ән Сарыарқаның қызына арналған екен. Композитор Халық Ризабек өзі ғашық болған аруға арнап, таңғы сағат 4-те ән шығарады. Кейін композитор басынан кешкен оқиғасын ақын Несіпбек Айтұлына айтып береді де, осылайша "Арман-ай" әні дүниеге келеді. "Осыдан бес жыл бұрын туған ән. Бес жыл бұрын осы Нұр-Сұлтандағы студияма дәстүрлі әншілер, эстрада әншілері ән жазып тұратын. Сол кезде Арқаның қызына жазылған ән ғой, негізі. "Қарғам-ау, қайдан келдің, қайдан көрдім, Ақ үрпек балапаны сайран көлдің. Жанымды жаралама, мазалама, Жеңілген махабаттан майдангермін" деп. Өмір болғаннан кейін адамның басында не түрлі жағдай болады. Бұрын да сондай жағдай болған. Несіпбек ағаға "енді мені мазалама, жанымды жаралама" деп айтқанмын ғой. Өйткені бұдан да бұрын басыма осындай ауыртпалық түскен. Қарындасымызға арналған ән. Сол кісіге арналу барысында ойланып жүрдім де... Бір күні студияда таңғы 4-терде отырған кезімде осы бір сарын келді. Сол сарынды нотаға түсіріп алдым да, Несіпбек ағаға бардым. Ал "енді мұның идеясы қалай" дегенде осы ойды ағаға айтып бердім. Содан кейін ағаның қасында 4 күн бірге жүрдім. Бір жазамыз болмай қалады, ертеңіне тағы жазамыз, жыртып лақтырып жібереміз. Соңында осындай әдемі ән шықты", - деді композитор Халық Ризабек.