Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақұштап Бақтыгереева: ұрпағымды ойлап ұйықтай алмай жүрмін

Ақұштап Бақтыгереева: ұрпағымды ойлап ұйықтай алмай жүрмін

Ақұштап Бақтыгереева: ұрпағымды ойлап ұйықтай алмай жүрмін
ашық дереккөзі
 width= Қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева үлкен үрей үстінде жүр. Ақжайық өңірінде жүрген қаламгерге не болды? Ақын-жазушылар үрейленіп жүргенде бизнес-тренерлер, тележүргізушілер неше түрлі кітап шығарып, рухани әлемді жаулап алып барады. Қазір кімдердің шығармасы сұраныста? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА  Ақын:
"Үлкен үрейдің үстіндемін мен. Ана ретінде, қаламгер ретінде. Ұрпағым не болады деп ұйқым келмейді. Қазір менің Абай айтқандай денім сау емес, аурумын".
Қаламгер идеологияның әлсіреп,   рухани құндылықтардың құлдырап бара жатқанына алаңдайды. Әсіресе, өзінің өмір жолын, жетістігін кітап етіп шығарып, жарнамалап, сатып жатқандарға қынжылады. Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА  ақын:
"Қазір біз кітабын сатып жүрген журналист, тіпті журналист емес қыз балаларды білеміз. Бір түнде миллионер болдым деп. Селкілдеп жүрген. Сол кітаптар қазір классиканы тасасында қалдырды. Тазалау керек әдебиетті. Бұл идеологиядағы қызметіміздің әлсірегені".
Ақын сөзінің жаны бар. Міне, кітап дүкендерінде қазақ классиктерінің қатарына Баян да қосылыпты.  Қазір мұндай кітап шығаратындар көбейді. Жеңіс ЕСЕНГЕЛДИН  Бизнес тренер:
 "Мен бұл кітапты жазған себебім, бұл нәрсе менің ішіме сыймады. Не үшін мен бұл жолдан өттім. Біраз қателестім. Өзімнің ісімді таба алмадым. Мен ойладым, бәріне мүмкін менің айтқан сөзім жетпеуі мүмкін. Кітабым арқылы жетсе екен деген ойым болды".
Өмірбек БАЙГЕЛДІ, Мемлекет ЖӘНЕ қоғам қайраткері:
«Қазір жазып жүрген адамдардың кітабы тартпайды адамды.  Өйткені түгел өтірік. Жеріктірді адамдарды. Өйткені өтірік ауылын жазады, өтірік махаббат бірдеңе. Ол кімге керек қазір? Сондықтан жеріктіріп жіберді, бездіріп жіберді кітаптан халықты».
Әріге бармай-ақ қоялық. Қазір Әбіш Кекілбаевтің атын білгенімен бір шығармасын оқымаған,  Шерхан Мұртаза, Дулат Исабековтің есімін естігенімен, кітабын ұстап көрмеген отандастар жетеді. Есесіне, психология, бала тәрбиесі, бизнес тақырыбындағы шығармалар сұранысқа ие қазір. Оны кітап сататын сауда орындарының қызметкерлері де жасырмайды. Данияр КЕЛЕСОВ  Сату бөлімінің қызметкері:
"Қазақстандық авторлардан алатын болсақ Қуаныш Шомбайдың «Екінші болма» қазақ тіліндегі, орыс тіліндегі кітабы. Және «Құпия» деген кітабы. Дана Орманбаеваның бала тәрбиесіндегі кітабы. Қазақстандық шоу-бизнестен алсақ, Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабы".
Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА ақын:
«Біз соңғы жылдары әдебиетті шатастырып алдық әр нәрсемен. Классика деген әр нәрсенің негізі. Модернизмдер уақыта ағын су сияқты. Осы жылдың киімі сияқты. Еліктеу арқылы келеді. Бірақ бәрібір классика қалады».
Қазір жекеменшік баспахана көп. Кім қандай кітап шығарады, өз еркі. Зейнетке шыққан бұрынғы басшыларда  өткен күндерге шолу жасап, жинақ шығарып жатады. Және оны қазіргі басшылар арқылы тықпалап, күштеп саттыратындар да бар. Кейбір ғылым жолындағыларда көзі майын тауысып жазған туындыларын студенттерге сатып әлек болады. Дегенмен, соңғы кезде кітапқа деген көзқарас өзгеріп келеді. Әсіресе, жастар арасында. Әлеуметтік желіде үздік кітаптардың тізімін жариялап, оқуға кеңес беріп жатқанын көргенде қуанып қаласыз.