Бостандық шеруі: Минскте 300 мың халық билікке қарсы шеруге шықты
Бостандық шеруі: Минскте 300 мың халық билікке қарсы шеруге шықты
ашық дереккөзі
Минскте 23-тамызға белгіленген «Бостандық шеруі» өтуде. Беларусь астанасындағы жаңбырлы ауа райына байланысты шеру белгіленген уақыттан кешігіп басталды.
Бұл шеруге билік пен қарсылас тарап қатты дайындалғаны көрініп тұр. Шеруге қатысушылар түрлі жалаулар мен суреттер, арнайы жазулар жазылған баннерлер, ұрандарды дайындаса, билік қаланың әр шетіне әскерилерді орналастырған.
Шерушілер 9-10 тамызда қаза тапқан демонстранттарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әзірге қос тараптың арасында қақтығыс орын алған жоқ. Шеруге қатысушылардың нақты саны белгісіз. Билік өкілдері 20-30 мың десе, оппозициялық ақпарат құралдары 150-300 мың адам деп көрсетуде. Назарларыңызға шеруден фотосуреттерді ұсынамыз.