Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады

Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы президент Twitter-де жазды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", - деді президент.
Қазанда өткен кәсіби бокста Фируза Шәріпова IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағына ие болды. Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) кездесті. Отандық боксшының соққыларына шыдай алмаған Дауди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтты. Осылайша Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл - оның он бірінші жеңісі. Ал Хэппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Жүктелуде...