Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте «показуханың» уақыты ма қазір Әйтенов мырза?!

Шымкентте "показуханың" уақыты ма қазір Әйтенов мырза?!

Шымкентте «показуханың» уақыты ма қазір Әйтенов мырза?!
ашық дереккөзі
 width= Жер-жерді аралап квартираның кілтін табыстау, спорт алаңдарын аралау т.т ешқандай елге пайдасы жоқ пиар акциялардан шаршамадыңба? Сен бармасаң кілтін табыстайтын адам жоқпа? Сен бармасаң спорт алаңшаларға балалар бармай қояма? Алтын уақытыңды қор қылып не істеп жүргеніңді түсінуден қалдық, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Рустем Ашетаевтың Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. Соңғы көзге түскен төрт тірлігіңнің екеуі ғана құптарлық. 1) Ресейден келген дәрігерлермен бетпе-бет отырып сөйлесуің. 2) Індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасына мемлекеттік марапаттар табыстауың Болды! Қалған жоғарыдағыдай тірліктеріңнің біреуіде дәл қазір ешкімге пайдасыда, береріде жоқ. Өйткені, сен осы қаланың ең бірінші кризис менеджері ретінде, тек қана індеттің бетін қайтаруға арналған істерден басқасына бөлетін, бір минутта бос уақытың болмауы керек. Әрине! Егерде, өзіңе жүктелген міндетті терең түсіне алсаң! Болмаса, мынандай “баяғы соқпақтың сүрлеуімен” алысқа бара алмайсың! Айналаңдағы сол “баяғы соқпақпен” сені “сүйреп жатқандардың да” бастары өз деңгейінде істейтініне күмәнім бар. Не жетпей жатыр саған?! Ақпаратпа?! Әлде, өз көзіңмен қоймаларды, дәріханаларды, дәрі сатып ұсталғандардың басына барып араламасаң сол істер жасалмай қалама? Ондай істерді сенің қаптаған орынбасарларың мен бөлім басшыларың-ақ істейтін тірлікқой. Әлде, оларға сенбейсіңбе? Сенбесең несіне оларды жаныңда ұстап отырсың? Егерде, айналаңдағыларға сенетін болсаң, не “салпақтап қала кезу” мынауың?! Сол баяғы ескіріп кеткенін айналаңдағылар түсіне алмай жүрген, “Іскер әкім” көрсету пиарыма?! Әй ол әдіс ескірген. Өйткені, сенің аралап баратын жерлеріңді түннен бастап “тазалау” жүмыстары жүргізіледі. Келгенге дейінде, кеткеннен кейінде сол баяғы таз қалпына түседі. Сонда бұл “салпақтау” тірлігі дәл қазір кімге пайда? Әрине! Тек саған ғана пайдалы болып көрінуі мүмкін (нақты пайдасыз екенін өзіңде сезетін шығарсың). Сонда… Мынау тірлігің тек қана жоғарыға отчёт жіберу мен қара басыңның пиар акциясы болмағанда не?! Әлде саған қиын кезеңде нақты шешімдер қабылдауың үшін, шынында да көзіңмен көргендей болатын ақпараттар жетіспейме? Олай болса Фейзбукке тіркелде, парақшаңды ашып отыршы кабинетіңде. Біз саған бүткіл қаланың жаңалығын тікелей жеткізіп отырайық. Қарап шықта керекті шешімдерді қабылдай бер. Қаншама уақытыңды елдің игілігіне жұмсауға мүмкіндігің туады. Дәл қазір саған осындай тың, әрі ыңғайлы жолдарды таңдауың керек. Сонда ғана қаланы толық шынайы бақылай аласың. Сол кезде ғана сенің шешімдерің “төшкіге” тиуі мүмкін. Бұрынырақта бір басшы бір әкімге ұрысқан екен. “Өзіңнің қабілетің жетпесе, жақсы бір орынбасарлар алсаңшы” деп. Сол ақылды сағанда айтса артық болмас. Болмаса, Amangeldi Kalybek, Ғалымжан Оразымбет үшеумізді карантин кезіңде қасыңа алшы көмекші етіп. Үш күнде қаланы реттеп, бір аптада толық ретке келтірмесек бетіме түкір! Сен тек кабинетте отырып-ақ, жоғарыдағылармен келісіп шешімдер қабылдап отырсаң болғаны. Іскер басшының басты қасиеті — әр салаға дұрыс кадрлерді отырғызып, солардың қабілеттеріне қарай жүктемелерді бөліп тастауы. Ал, өзінің уақытын тек стратегиялық жоспарларды ойлауға жұмсап, сол бағыттағы шешімдермен айналысу. Олай етпеген жағдайда, стратегиялық жоспарлар жасауға уақыты болмайды екен. Ал, біреудің ойлап тапқан стратегиясын біреудің дәл солай сезініп атқарып шығуы екіталай. Сенің мынау алашапқын тірліктерің мен ешқандай стратегияң көрінбейтін бей-берекет жұмысыңа қарап, нақты стратегияңды әліде жасамаған сияқтысың. Сырткөз сыншыға көрініп тұрған картинканы сөзбен жазып шықтым. Оны қалай қабылдарды өзің білерсің.