Шымкентте үнемделген 3,3 млрд теңге ауруханалардың материалдық базасын нығайтуға жұмсалады

Шымкентте үнемделген 3,3 млрд теңге ауруханалардың материалдық базасын нығайтуға жұмсалады

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қаласының әкімдігі карантиннің ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд теңгені үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс 68 сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарламаәкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Мәслихатқа қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов үнемделген қаражаттыңбасым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын атап өтті.

«Қысқартылған қаржы негізінен мәдени іс-шараларды өткізуден, қызметтік іссапар шығындарынан, мекемелердіңматериалдық-техникалық базасын нығайтудан оңтайландырылды. Айта кету керек, карантин шектеулеріне қарамастан қалалық бюджеттің кірісі төмендеген жоқ. Мәселен, қалалық бюджеттің өзіндік кірісі 21,8 млн теңгеге ұлғайып, 133 млрд теңгеге жетті. Қаладағы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр»,-деді қала басшысы.
 

Жүктелуде...