weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Медициналық препараттарды заңсыз саудалағандар анықталды

Медициналық препараттарды заңсыз саудалағандар анықталды

Медициналық препараттарды заңсыз саудалағандар анықталды
ашық дереккөзі
 width= Бұл жөнінде Шымкент қалалық Прокуратура өкілдері мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменттері және прокуратура қызметкерлері қатарынан мобильдік топ құрылған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Мобильдік топтың тексеруі барысында азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 11 дерегі және дәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 дерегі анықталды. Оның ішінде 14 дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік) тіркеліп, тергеп тексеру жүргізілуде. Жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнан шығарылды.Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылуда.Бүгін қала прокурорының төрағалығында дәрілік препараттарды заңсыз өткізу мәселелеріне қатысты мәжіліс өткізіліп, мобильдік топтың жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.