Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте бұрынғы басқарма басшысы 52 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Шымкентте бұрынғы басқарма басшысы 52 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Шымкентте бұрынғы басқарма басшысы 52 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
 width= Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы мен «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ РМК-ің бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар 2019 жылы S-сыныпты оториноларинголог-дәрігердің жұмыс орнына арналған жабдықты қымбат бағамен сатып алу арқылы 52 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», – деп хабарланады. Күдіктілер кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.