Мәжіліс депутаттары Уәлихан Қайназаров, Сәкен Қаныбеков және Мансұрхан Махамбетов Шымкент қаласындағы медициналық мекемеге, яғни 16 маусымнан бастап 30 орындық провизорлық бөлімге айналған кардиологиялық орталыққа барды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кардиологиялық орталықта бұл жерде коронавирус және пневмония диагнозы қойылған және ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары бар емделушілерге қажетті көмек көрсетіледі. Бөлімде жасанды тыныс алу аппараты тиімсіз болып, ерекше ауыр жағдайларда қолданылатын ЭКMO технологиясын (экстракорпоралды мембрана оттегімен) пайдалану мүмкіндігі бар.
Уақытша бөлімнің жұмысы барысында екі жақты ауыр пневмония және коронавирус инфекциясына қатысты жүрек-қан тамырлары асқынуы бар 126 науқас сауығып шыққан. Медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Мәжіліс депутаттары провизорлық бөлім қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен және күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, дәрігерлер көтерген проблемалық мәселелердің бірі – қосымша жасанды тыныс алу аппараты, монитор және перфузерге қажеттілік бар.
Ал, оттегі қажеттілігін қамамасыз ету үшін, оттегі стансасын салу туралы да мәселе көтерілді. Аталған стансаны орнатуға қаражат табу қала әкімдігінің айтылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта кардиоорталықта жоспарлы ота жасау мүмкін еместігі сияқты проблемаларға (коронография және жүрек тамырларын стенттеу және т.б.) ерекше назар аударылды.
Өйткені, кардиологиялық орталыққа тек Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен бірге Түркістан облысының тұрғындары жүгінеді. Мәжіліс депутаттаы дәріханалар мен дәріхана қоймаларына барып, жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерімен танысты. Айта кету керек, дәріні әкелу тәртібін жеңілдету дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартқан.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
https://www.inform.kz/kz/mazhilis-deputattary-shymkent-kalasynda-koronaviruspen-kures-sharalarynyn-tiimdiligine-baga-berdi_a3675326