Шымкентте 5,6 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

Шымкентте 5,6 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қаласында дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан 3 оқиға анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Комитеттің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрі бұйрығының талаптарын бұза отырып, дәріханаларда дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сатудың үш фактісін анықтады», делінген хабарламада. Дәрі-дәрмек тиісті рұқсат құжаттынсыз заңсыз сатылған. Тексеру барысында жалпы сомасы 5,6 млн теңгенің 1 214 дәрі-дәрмегі (амбро, амбробене, мегасев, ацикловир, цефазолин, цефтриаксон, анальгин, димедрол, анаферон, ремантадин, цефтриакс, зацеф, метрид, метронидазол, цепролет, ациклофир, виферон және т.б.) тәркіленді. Жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты материалдар, сонымен бірге тәркіленген дәрі-дәрмектер ҚР заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.  

Жүктелуде...