Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қоғамдық көліктерде дезинфекциялау тұрақты жүргізіліп жатыр

Қоғамдық көліктерде дезинфекциялау тұрақты жүргізіліп жатыр

Қоғамдық көліктерде дезинфекциялау тұрақты жүргізіліп жатыр
ашық дереккөзі
 width= Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары тынымсыз жүргізілуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімдігінің тікелей бақылауында, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһардағы қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертең және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде. «Шымкент Дезинфекция» маманы Нұрлан Тасболтаевтың айтуынша, автобустарды залалсыздандыру жұмыстарына арнайы 4-5 бригада жұмылдырылған. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде. Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3720-ге жетсе, жазылып шыққандар саны 2137 адамды құрайды. Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны – 53 021.