Айя-София жолымен: Түркия 1500 жылдық тарихы бар монастырьды мешітке айналдырады

Айя-София жолымен: Түркия 1500 жылдық тарихы бар монастырьды мешітке айналдырады

ашық дереккөзі

 width= Түркия Стамбұл ескерткіштеріне жататын, әлемдік мұра саналатын кезекті христиан нысанын мешітке айналдырмақ. Әулие Софиядан кейін Хора монастыры музей статусын жоғалтып, мешітке айналады. Анкара бұл туралы «заңсыз шығарылған бұйрықтың күшін жоюдамыз» деп мәлімдеді. Алайда сарапшылар бұл шешімді неоосманизмнің тірілуі мен батысқа қарсы саясаттың өршуі ретінде түсіндіруде. Грек БАҚ-тарының жазуынша шешім бір жыл бұрын қабылданған. Енді монастырь маңындағы византия дәуірінен қалған түрлі мозайкаларды өшіру жұмыстары жүргізілетін болады. Хора монастыры Византия империясы құлағаннан кейін өз келбетін сақтап қалған санаулы тарихи ғимараттардың бірі. Монастырь осыдан 1500 жыл бұрын салынған. Константинопольді басып алғаннан кейін, Әулие Софияның тағдырын қайталап, мешіт қызметін атқарған. Алайда 1945 жылы ерекше шешіммен музейге айналдырылған еді. Түркия билігі ол шешімді заңсыз деп тауып, Хораны қайта мешіт етпек.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...