Сарапшылар Қазақстанның қарызы туралы айтты

Сарапшылар Қазақстанның қарызы туралы айтты

ашық дереккөзі

 width= Сарапшылар еліміздің экономикасының дағдарыс кезеңіндегі мүмкіндіктерін талдады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Fitch Ratings агенттігінің айтуынша, Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі "BBB" деңгейінде екен. Ал министрліктің мәліметіне қарағанда, Қазақстанның рейтингі ел экономикасының шикізат бағасының ауытқуымен, жинақталған кірістерден көрінетін бюджеттік тұрақтылығын көрсетеді.

"Мұнай бағасына және коронавирустың таралуына байланысты дағдарысқа қарамастан, елде сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі және қазыналық резервтің айтарлықтай көлемі сақталуда", - делінген министрлік хабарламасында.
Агенттік Қазақстан үкіметінің бизнес пен үй шаруашылықтарын қолдау бойынша қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралары ел экономикасының өсуіне теріс әсерді ішінара азайтқанын айтты.

Жүктелуде...