weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Есірткі сатқан көпбалалы ана сотталды

Есірткі сатқан көпбалалы ана сотталды

Есірткі сатқан көпбалалы ана сотталды
ашық дереккөзі
 width= Байқоңырда есірткі саудасымен айналысқан 43 жастағы көпбалалы анаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан. сайтына сілтеме жасап.
"Байқоңыр қаласының 1977 жылғы тұрғыны, көпбалалы ана қылмыс үстінде ұсталды. Ол қала аумағында есірткі сатумен айналысқан", - делінген қала прокуратурасының хабарламасында.
Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің ірі көлемде "кептірілген марихуана" сатқаны анықталды. Прокуратура қызметкерлері әйелдің есірткі шеккен күйде ұсталғанын атап өтті.
"Қылмыстық істі тергеу барасында ол өз кінәсін толығымен мойындады", - деп нақтылады прокуратурадан.
Кінәсін мойындағанына және кішкентай төрт баласының барына қарамастан, сот әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.
"Сотталушының кәмелетке толмаған балалары Байқоңыр қаласының білім басқармасының қамқорлығына берілді", - деді прокуратурадағылар.