Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
«Әлемдік рейтингте Қазақстан бала тәрбиесі бойынша ең соңғы 73-орында тұр. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы, яғни, PISA нәтижесі оқушыларымыздың сауаттылығының төмендеп кеткенін көрсетті. Кері кету тенденциясы байқалады. Сондықтан анализ жасап, білім беру саласын жақсартуға қажетті шараларды тез арада қабылдау қажет», - деді Ералы Тоғжанов.
Ол Қазақстандағы жоғары білім беру саласын да сынға алды.
«Біз жоғары оқу орнының девальвациясын байқап отырмыз. Сондықтан да жастар шетелде оқуды таңдайды. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмысы да нашар деңгейде. Соңғы рейтинг бойынша еліміз 133 мемлекеттен 81-орында тұр», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.