Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кімнен тарадыңыз: «ов, ев» емес «дан, тен» болса тектілік орнына келеді

Кімнен тарадыңыз: «ов, ев» емес «дан, тен» болса тектілік орнына келеді

Кімнен тарадыңыз: «ов, ев» емес «дан, тен» болса тектілік орнына келеді
ашық дереккөзі
 width= Иә,тәуелсіздік атты құндылықтың ел шаңырағына келгелі биыл- жиырма тоғыз жыл! Алайда, еліміз егемендігіне қол жеткізді, еркіндікке емес. Тұғыры биік тәуелсіз мемлекет атанды, бірақ тоталитарлық жүйенің айғызы өшпеді. Тоталитаризм- мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, оппозиционерлер мен саяси ой өкілдеріне жаза қолдану, цензуралы жүйе. Өткенімізді тозақ отына тұмшалаған да дәл осы тоталитаризм. Өзге елдің боданынан босап, басымызды тік көтергеніміз рас, дегенмен еңсемізді биік ұстау үшін мемлекеттің миына «өзімдікі», «мендік» ұғымын құюымыз қажет. Дәл осы «мен» , «менің ойымша», «менікі» ұғымының философиялық тұрғыдан маңызы зор. Түркі әлемі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Яассауи өз еңбектерінде:
«Мен ұлы ғаламның бөлшегімін, мен - мұхиттың тамшысымын. Ұлы ғалам ақиқатына өзімнің мөлтек ғаламымды тану арқылы жетемін» деген екен.
Ол ғаламның бөлшегі, тіпті өз-өзін мұхиттың тамшысына теңемек, ал сен кімсің? Біз өзімізді өзімізге теңей алмай жүрген жандармыз. Мендегі сұрақ, неліктен тәуелсіздігімізді алған тұста ең алдымен осы мәселенің шешімін тауып, төл құжатымызға да еркіндік еркелігін сезіндірмедік? Мемлекет тұтастығын сақтап қалу үшін арнайы заңдар мен қағидалар бар. Азаматтардың тегін, атын және әкесінің атын жазу Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 27.12.1994 жылғы Азаматтық Кодекспен, «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 02 сәуірдегі №2923 Жарлығымен, 26.12.2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» заңымен реттеледі. Заң бойынша пәмилемізге тән төрт нұсқау бар. Біріншісі, орыс халқының хақтығын мойындайтын «ов», «ова», «ин», «ина» лар болса, кейін бұл құйыршықтарды алып тастау туралы заңға қол қойылды. Келесісі, ұлы-қызы. Бұған дәлел, Александр Бектің «Фамилиясы жоқ адам» кітабы. Басты кейіпкер- Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары халқымыздың басынан небір қиын қыстау кезең өткендігін жақсы білеміз. Сол соғыста «ұлы» атауымен танылған батыр қазақ - Бауыржан атамыз еді. Барлық орыс өкілдерінің арасында да беделі шарқ ұрған Бауыржан Момыш-ұлының ұлтын сүйер ұл екендігінің тағы бір айқын дәлелі- пәмиләсінда. 1970 жылдары қазаққа тән жалғыз атау осы «ұлы» жалғауы еді. Енді қараңыз, ов, овасыз не ұл екеніміз, не қыз екеніміз белгісіз, ұлы қызын қоссақ, қай ұрпақтан тарағанымыз беймәлім, ал тегі сөзін жалғаудың тіптен мәні жоқ. Мен сізге ұсынатын нұсқа - қарапайым. Біздің ұлттық тіліміздің ұлттық тек жасауға құзіреті жетері анық, себебі біздің тіл ең әдемі, көне тарихқа толы қасиетті тіл. Грамматикалық жағынан ең көп жалғау да, жұрнақ та бізде. Орыстың ов, овасы «родительный падеж» болса, біздің пәмиләғада неге  шығыс септігінің  жалғауын алмасқа. «Кімнен? Неден?» сұрағын қолданысқа еңгізер болсақ өзіміге тән тек нұсқасы болар еді. Мысалы, Базарбайдан Базарбай Базарбайұлы. Базарбайдың ұрпағынан тарағаны айқындалып тұр. Кімнен тарадың? Базарбайдан. Қысқа әрі нақты. Орда бұзар отыз жасқа келдік, қырықта қамал алу үшін төл тегімізді жөндейік. Тегіміз өзгенікі болса, тектіліктен не қайыр?

Інжу ӨМІРЗАҚ