Қаржы министрлігі АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы, сонымен қатар 2021 жылы белгіленуі жоспарланған ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін атады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге", - дейді қаржы министрлігі.