Junior Eurovision байқауының келесі кезеңіне өткендер анықталды

Junior Eurovision байқауының келесі кезеңіне өткендер анықталды

ашық дереккөзі

 width= «Junior Eurovision» халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуінің финалына өтетін 30 қатысушы анықталды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 30 қатысушыны қазылар алқасы таңдап алған. Ал 12 финалистің есімдері jevision.khabar.kz сайтында дауыс беру арқылы белгілі болады. Онлайн-дауыс беру 22 тамыз күні сағат 00.00-де басталып, 31 тамызға дейін дейін жалғасады. Барлығы 684 өтінім келіп түсті. Бастапқы кезеңде ұйымдастырушылардың музыкалық департаменті 72 өтінімді іріктеді. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды. Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамында «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, композитор Хамит Шаңғалиев, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов болды. Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділқазы мүшесі - белгілі композитор, продюсер, «Eurovision Song Contest» ән байқауындағы Әзербайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты. «Junior Eurovision» байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы 26 қыркүйекте «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Жүктелуде...