Павлодарда жылу ерте берілу мүмкін

Павлодарда жылу ерте берілу мүмкін

ашық дереккөзі

 width= Биыл Павлодар облысында жылу мерзімінен бұрын берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімінің есеп беруінен кейін депутаты Владимир Берковский өңір басшысына ұсыныс жасады:

Күз - суық мезгіл. Пәтерлерге жылу кеш беріледі. Вирусологтардың болжамы бойынша, суық тию салдары күзде қайта өршитін COVID-19 инфекцясын ушықтыра түседі. Сондықтан мерзімінен бұрын пәтерлерді жылумен қамтамасыз етуді ұсынамын.
Әбілқайыр Сқақов бұл мәселе аудандық және қалалық ауруханаларда қарастырылып жатқанын жеткізді.
Бізде екі мәселе бар, олардың бірі – ерте жылу беру. Қазір ауқымды жөндеу жүріп жатыр. Қала және аудан әкімдері бұл мәселені бірінші кезектегі күн тәртібінде ұстайды, - деді Әбілқайыр Сқақов.
Бұған дейін павлодарлық көпқабатты үйлердің біразы ыстық сусыз қалған. 17 – 23 тамыз аралығында гидравлика сынағы өткізіліп жатыр.

Жүктелуде...