Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алакөлде 21 жастағы жігіт мылтық оғынан көз жұмды

Алакөлде 21 жастағы жігіт мылтық оғынан көз жұмды

Алакөлде 21 жастағы жігіт мылтық оғынан көз жұмды
ашық дереккөзі
 width= Алматы облысының Алакөл ауданында 21 жастағы жігітке оқ тиіп, ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 19 тамызда сағат 03:30-да Алакөл аудандық ПБ кезекші бөліміне Үшарал қаласындағы аудандық ауруханаға 21 жастағы тұрғын оқ жарақатымен жеткізілгені туралы хабар түскен. Жігіт қайтыс болған. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 9-тармағының 2-бөлігі бойынша ресми тіркелген соң, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Үш сағат ішінде көрші ауылдың 23 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. Еш жерде жұмыс істемейтін ол оқиға орнынан ізін суытқан. Ұсынылған бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті ауыр қылмыс жасағанын мойындады, - деді Алакөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Саят Слямов.
Тексеру барысында қылмыс орнының маңындағы ғимараттан аңшы мылтығы табылды. Тергеу барысында анықталғаны, жастар арасындағы кикілжіңнің соңы төбелес пен адам өліміне әкеп соққан. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.