weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының жаңа бастығы тағайындалды
ашық дереккөзі
 width= Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бастығы болып жаңадан тағайындалған полковник Марат Досанұлы Нұрымбетті таныстырды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полковник Марат Нұрымбет – Қазақ мемлекеттік заң институтының түлегі. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметі жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Қарсы барлау және жедел-іздестіру шаралары террористік актілерге қарсы іс-қимылды ұйымдастыруда тәжірибесі мол. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери полиция бас басқармасының бастығын өзі таныстырды.
«Бүгінде қорғаныс ведомствосында екі бағыт бар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндеттер әсіресе әскери полицияға жүктелген», - дейді министр.
Өткен жылы әскери полиция бас басқармасының құрылымында екі жаңа басқарма құрылды. Қорғаныс министрлігінде қазіргі уақытта кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Министр 2017 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін әскери полиция бас басқармасының бастығы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан полковник Бауыржан Лекеровке алғысын білдірді.