Нұр-Сұлтанда жолаушылар пойызы қайта іске қосылды

Нұр-Сұлтанда жолаушылар пойызы қайта іске қосылды

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан мен Алматы арасына қатынайтын пойыз қалпына келтіріліп, елорда мен Өскемен арасына қосымша рейс ашылды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. "Жолаушылар тасымалы" компаниясы № 4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызының қатынауы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Аталмыш пойыз 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте елорданың «Нұрлы жол» вокзалынан жөнелтіліп, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматы-2 вокзалына келеді. 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте елорданың «Нұрлы жол» вокзалына жетеді. Сонымен қатар қосымша рейс № 68/67 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы жолаушы пойызы қатынайды. Пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтіледі. 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменнен келіп, ары қарай қайта жолға шығады. Пойыз Нұр-Сұлтан – Нұрлы жолға 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте келеді. Жолаушылар пойыздарға қатысты барлық ақпаратты «105» анықтамалық телефоны арқылы алады. Төтенше жағдайға қатысты елімізде бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгеріп, кейбірі уақытша тоқтатылды.

Жүктелуде...