Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақтөбеде сенбі-жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді

Ақтөбеде сенбі-жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді

Ақтөбеде сенбі-жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік тоқтайды. Бұған дейін төтенше жағдай, карантин кезінде өңірде автобустар тұрақты жүріп тұр, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері шектеу шараларын түсіндірді. Екі күнде қалада көшеде еркін жүруге рұқсат берілмейді. Тек медициналық мекеме, зертхана, ветеринария қызметі жұмысын тоқтатпайды. Сонымен бірге коммуналдық қызмет те жұмысын жалғастырады.
«Әуежай мен теміржол, жанармай бекеті, күзет қызметі, супер- гипермаркеттер мен жеткізу қызметіне рұқсат бар. Көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкендері ашылады. Сауда-логистика орталығы, қойма жабылмайды», - деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.
Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен БАҚ қызметіне шектеу жоқ. Қалғандары сенбі-жексенбіде жұмысын тоқтатады.
«Әкімшілік шара қолданбау үшін тәртіпке бағыну қажет. Қоғамдық тамақтану орындары да жеткізу қызметін тоқтатады. Қоғамдық көлік те жүрмейді», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Алтынбеков.