Алматыда бес күн ішінде 200-ден астам адам мобильді жылжымалы пункт қызметіне жүгінген, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Нұркент» шағын ауданында қала халқын жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» ҰКП және мобильді жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы жұмыс істеп жатыр.
18 тамыздан бері Алатау ауданының Жастар ресурстық орталығында мобильді жылжымалы пункт қызмет етеді. Онда жастарға жұмысқа қатысты кеңес беріледі.
«Жастар инновациялық және шығармашылық әлеуетке ие халықтың белсенді тобы. Алайда олардың кәсіби қызметте тәжірибесі жеткіліксіз болатыны хақ. Сол себепті жұмысқа тұру, еңбек нарығында кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілетін қолдау және дамыту мәселесі маңызды және стратегиялық басымдық», - дейді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әсел Бисенбаева.
Жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге тәжірибеден өтуі үшін жағдай жасалған. Бес күнде жұмысқа орналасу бойынша жылжымалы пунктке 200-ден астам адам келген. Барлығына түсіндіру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 85 адам қоғамдық жұмысқа орналасуға ниет білдірген. Ал 50-ге жуығы «Жастар тәжірибесіне» жолдама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына жіберілді.
Жастар тәжірибесіне дипломы бар жасы 29-ға дейінгі және оқу орнын соңғы үш жыл көлемінде бітірген азаматтар қатыса алады.