Психогеометрия ғылым ретінде АҚШ-та пайда болды, оның авторы - Стузен Деллингер.
Бұл тест адамның белгілі бір фигураларды қабылдауына негізделген. Осы көрсеткіштер бойынша адамға және оның басқалармен қарым-қатынасына баға беруге болады. Пішіндерді таңдау арқылы адамдар сіз туралы не ойлайтынын да біле аласыз.
Қызықтыңыз ба? Ендеше өзіңізді сынап көріңіз. Нәтижелері сәйкес келетініне еш күмән келтірмеңіз.
Осы пішіндерге мұқият қарап, ұнағанын таңдаңыз. Сіздің таңдауыңыз қандай адам екеніңізді, күшті және әлсіз жақтарыңыз туралы көп нәрсені мәлімдейді.
- Квадрат. Егер сіздің негізгі фигураңыз квадрат болса, онда сіз еңбекқор адамсыз.Табандылығыңызбен көзге түсесіз. Бұл қасиет әдетте өз салаңызда сізді биік және білікті етеді.
2.
Үшбұрыш. Бұл форма көшбасшылықты білдіреді, сондықтан көптеген үшбұрыштар өздерінің мақсаттарына жету үшін барын салатын адамдар. Үшбұрыштың ерекшелігі - басты мақсатты айқындау. Олар жігерлі, күшті адамдар. Көбінесе жасыл түстерді ұнатады.
Үшбұрыш - өте сенімді адам! Алайда қателіктерін мойындау қиынға соғады, шешімін өзгертуді ұнатпайды. Негізгі жағымсыз қасиеттері: күшті эгоцентризм, өзіне көп назар аудартқанды ұнатады.
3.
Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыштардың негізгі психикалық жағдайы - бұл саналы түрдегі шатасу, проблемаларын жеңе алмауы және өзіне деген сенімсіздік. Олардың өзін-өзі бағалауы төмен. Үнемі бір нәрсені жақсартуға ұмтылады: жаңа жұмыс әдістерін, өмір салтын іздейді. Тіктөртбұрыштың мінез-құлқындағы тез, кенеттен пайда болатын өзгерістер басқа адамдарды алаңдатады.
Тіктөртбұрыштың жағымды қасиеті - батылдық!
4.
Шеңбер. Шеңбер үйлесімділіктің белгісі. Мұны таңдайтын кез келген адам, ең алдымен, тұлғааралық қатынастарға қызығушылық танытады. Шеңбер үшін ең жоғары құндылық - адамгершілік. Олардың сезімталдығы жоғары, дамыған эмпатия - жанашырлық қабілеті.
Шеңберді таңдаған адамдардың өздерін психолог деп айта аламыз. Адамға көмектескенді, мәселесін шешіп бергенді ұнатады.
5.
Зигзаг. Бұл фигура бес фигураның ішіндегі ең ерекше және жалғыз ашық фигура болғандықтан, бұларды көбінесе шығармашыл адамдар таңдайды. Егер сіз зигзагты негізгі пішін ретінде таңдаған болсаңыз, онда сіз нағыз тынымсыз, дамуды жақсы көретін, биікке ұмтылатын еңбекқор адамсыз.
Зигзагтар қоғам ішінде "біртүрлісің" деген сөзді көп естиді. Өйткені, олар ешкімге ұқсамайтын қызық жандар.
Ойлау қабілеттері мықты, алайда идеялары тұрақсыз.