Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бакиев: Мен Лукашенкомен соңына дейін біргемін, ешқашан сатпаймын!

Бакиев: Мен Лукашенкомен соңына дейін біргемін, ешқашан сатпаймын!

Бакиев: Мен Лукашенкомен соңына дейін біргемін, ешқашан сатпаймын!
ашық дереккөзі
 width= 2010 жылы революциядан кейін елден кетуге мәжбүр болған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бірқатар БАҚ беттерінде пайда болған ақпаратқа жауап берді. Бұған дейін «Бакиев Беларусь елінен кетіп қалды» деген ақпарат тараған болатын.
"Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Мен Лукашенконы қиын сәтте тастап кетпеймін. Ол маған босқын мәртебесін беріп, өмірімді жақсартты. Мен соңына дейін біргемін. Ешкімді ешқашан сатқан емеспін, сатпаймын да. Қазір мен Минсктемін. Қайталап айтамын, мен соңына дейін біргемін", - деді Бакиев Nazarnews басылымына берген қысқаша сұхбатында.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ