Талғат Теменов ТМД-дағы жоғары сыйлықтың біріне ие болды

Талғат Теменов ТМД-дағы жоғары сыйлықтың біріне ие болды

ашық дереккөзі

 width= Халықаралық ТМД елдерінің гумманитарлық бірлестігінің «Звезда соодружество» жоғарғы сыйлығы — Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, театр және кино режиссер Талғат Теменовке берілді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл сыйлық өнердегі өзіндік ерекше табысы үшін, жоғарғы деңгейдегі шығармашылық жетістіктерімен, гумманистік еңбегі үшін берілетін мәртебе. Талғат Досымғалиұлы Теменов 1954 жылы 23 қарашада Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі, Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының иегері. «Қайырлы таң» және «Гүлназ», «Ой жасын» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы. Бұл сыйлықты бұдан бұрын хирург-кардиолог Лео Бокерия, композитор Евгений Дога, физик-математик,«Курчатовский институтының» президенті Михаил Ковальчук, актер Олег Табаков алған болатын.

Жүктелуде...