Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Республикалық педагогтар кеңесі құрылады

Республикалық педагогтар кеңесі құрылады

Республикалық педагогтар кеңесі құрылады
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда Республикалық педагогтар кеңесі құрылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Білім беру саласындағы негізгі проблемалардың бірі бұл - барлық мүдделі тараптың пікірін ескеретін кері байланыстың жетіспеушілігі. Республикалық педагогтар кеңесін құруды тапсырамын. Оған әрбір өңір өз өкілін тағайындайды. Педагогикалық кеңес бүкіл педагогикалық қоғамдастықтың үніне айналуы тиіс. Білім беру саласында қабылданатын барлық шешімдер ең алдымен осы кеңесте талқылануы керек. Сонымен қатар білім беру мәселесіне қатысты барлық нормативтік құжаттарға сараптама жүргізуді тапсырамын», - деді Ералы Тоғжанов педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.
Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, тәрбие беру жұмыстары да белгілі бір жүйелілікті талап етеді. Оқыту процесі ата-аналарды тарту арқылы тәлім-тәрбие берумен жүргізілуі тиіс. Балаларды үйірмелермен, секциялармен, қосымша біліммен қамту да өзекті міндет болып отыр.
«Балалардың тек 30,7 пайызы ғана қосымша біліммен қамтылған. Бұған қоса, ЮНИСЕФ-тің балалардың жағдайына қатысты сараптамасында өңірлер арасындағы теңсіздік деңгейіне байланысты табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыдан шыққан балалардың қосымша білімге қолы жетпейтіндігі аталып өтілген. Бұл мәселені Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкіле де көтеріп жүр. Қосымша білім беруде жан басына қаржыландыруды заңнамалық тұрғыда бекітуді қамтамасыз етуді және нақты тетіктер әзірлеуді тапсырамын»,- деді Ералы Тоғжанов.