Оқулықтағы олқылықтарды орнына келтіруіміз керек - Асхат Аймағамбетов

Оқулықтағы олқылықтарды орнына келтіруіміз керек - Асхат Аймағамбетов

ашық дереккөзі

 width= Оқулықтардың жаңа жүйесі еңгізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Оқушылар мен студенттердің 66 % мемлекеттік тілде білім алады. Қазақ тілді кітаптардың сапасы мен қолжетімділігіне мән беруіміз керек. Әсіресе, қазақ әдебиеті мен тарихқа қатысты оқулықтар саны көп болуы керек",-деп мәлімдеді министр.
 
«Оқулық дайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл проблема баяғыдан бері көтеріліп келе жатыр. Расында, оқулықтарымызда өте көп кемшілік бар екендігі туралы фактіні мойындауымыз керек. Бұл тек баспаның, автордың кінәсі деп кесіп айтуға болмайды. Бұл жерде сөз барлық процесті қайта өңдеу мен жаңғырту жайында болып отыр», - деді министр республикалық тамыз кеңесі барысында.
Бұл бағыт бойынша жұмыс барысы басталғанын да тілге тиек етті.
«Біз авторлар мен сарапшыларды оқытамыз. Оқулықтардың сапасы, апробациядан өткізу және оқулықтарды қолдануға мониторинг жасау бойынша талаптарды заңмен бекітеміз», - деді Асхат Аймағамбетов.
 

Жүктелуде...