Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы «Мектепке жол» акциясы аясында 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек берді

«Nur Otan» партиясы «Мектепке жол» акциясы аясында 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек берді

«Nur Otan» партиясы «Мектепке жол» акциясы аясында 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек берді
ашық дереккөзі
 width= Алматыда партия мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуде. Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар оқушы сөмкесі, веб-камералар және тағы басқалар беріледі. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі «Nur Otan» АҚФ Алматы қалалық партиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Пандемия өзінің түзетулерін енгізді, соның ішінде білім беру саласына да әсер етті - барлық мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшті. Осыған байланысты партиялықтар қайырымдылық ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады, бұл — планшеттер, веб-камералар. Жақында «Nur OTAN» партиясының мүшесі», «КазФерроСталь» ЖШС-ның Бас директоры Аида Бекманова №142 мектептің аз қамтылған отбасыларына, сондай-ақ зауыт қызметкерлеріне көмек көрсетті.
«Менің төрт балам бар, кіші ұлым биыл нөлдік сыныпқа барады. Барлығын кеңсе тауарларын сатып алу үшін біршама ақша кететін еді.  Сондықтан партиялықтардың көмегі маған үлкен қолдау болды. Олар балаларыма кеңсе жабдықтарымен қатар, планшет сыйлады. «Nur Otan» партиясына қиындықта жалғыз қалдырмай, балаларды мектепке жинауға көмектескен үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», - дейді зауыт қызметкері Жанар Найзағараева.
Өз кезегінде Аида Бекманова балаларға қолдау көрсетуді өзінің парызы деп санайтынын атап өтті.