Қазақтың "тектілік" ұғымы ғылым тұрғысында дәлелденген бе?

Қазақтың "тектілік" ұғымы ғылым тұрғысында дәлелденген бе?

ашық дереккөзі

 width= Ең қызығы, геносоциограмма деген терминге қарап мұны күрделі ғылыми теория деп ойлауымыз мүмкін. Шетелдіктерге бұл таңсы дүние болғанымен, қазақ мұны ерте кезде білген. Біздің шежіреміз – геносоциограмманың дәл өзі. Әке-шеше, ата-бабаның өмірінде белгілі бір кезеңде орын алған оқиға, бастан өткен қиындық, ауру-сырқаудың келесі ұрпақта қайталанады деседі. Бұл шешімге француз ғалымы, отбасылық психотерапевт, психодрамма маманы Анн Шутценбергер келеді. Психотерапевт 1998 жылы геносоциограмма туралы "Ата-баба" синдромы кітабын жариялайды. Кітаптың негізгі түйіні - «Ата-ананың бойында жасырынған жара баланың денесінде көрінісі табады". Шутценбергер өзінің зерттеуінде геноциограмма әдісін отбасылық байланыстарды ғана емес, психикалық және физикалық жарақаттың ұрпақтан-ұрпаққа «берілуін» де ескеретін тектік ұғым деп сипаттаған. Ата-бабасы репрессияға кеткен ұрпақтардың бойында белгілі бір жасқа келгенде отбасыдан ажырауға бейімділік пайда болады екен. Кезінде ақын Артуюр Рэмбода осы гендік синдром көрініс тапқан. Ол 6 жасқа толған кезінде әкесі отбасын тастап кетеді. Одан 100 жыл кейін шегінетін болсақ, бабасы да әкесін осы жасқа толғанда қалдырып кеткен екен. Артюур Рэмбо да анасын, үйін тастап өмірін қашқындықпен өткізгенін білеміз. Эрнест Хэмингуейдің өзіне қол жұмсауының астарында «тек ауруы» жатыр. Оның әкесі де өзін-өзі өлтірген. Кейін Хэмингуейдің інісі Лестер, немересі Марго да суицид жасаған. Холокосттан аман қалған кісілердің балалары да ата-аналарына қарағанда постжарақат синдромынан (жарақаттан кейінгі жағдай) үш есе қиналатыны анықталған. Қазақта жеті ата болса, Шутценбергер теориясы үш-бес атамен анықталады. Отбасы синдромы арқылы жалғасқан ауру, жазатайым жағдай, сәтсіздіктердің себебін анықтап, оны тоқтату үшін әдейілеп ем жүргізген. Пациентпен тілдесіп, отбасысы туралы ақпарат жинаған. Қазіргі таңда дамыған елдерде ата-баба синдромы бойынша емдейтін дәрігер-неврапотологтар пайда болды.

Жүктелуде...