weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев: Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады

Тоқаев: Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады

Тоқаев: Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысқан. Президент осы шарадан соң өңірдің даму барысына қатысты ойын Twitter-дегі парақшасынажазба қалдырды. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды. «Жақында ғана облыс орталығына айналған Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады. Қала тұрғындары мен туристерге арналған Сапар орталығы мен «Жібек жолы» саябағы да көпшіліктің көзайымына айналатынына сенімдімін»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, бірқатар нысандарды аралады.