Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Тілімнің ұшында тұр» дей беретіндердің астарлы сырқаты

«Тілімнің ұшында тұр» дей беретіндердің астарлы сырқаты

«Тілімнің ұшында тұр» дей беретіндердің астарлы сырқаты
ашық дереккөзі
 width= «Тілімнің ұшында тұр» деп қарапайым сөзді ұмытып қала бересіз бе? Мұндай жағдай – деменцияның көрінісі. Деменция – ми қызметінің жиі тұралап қалуы. Оны ұмытшақтық деп қабылдауға болмайды. Деменция есте сақтау, ойлау, түсіну сияқты танымдық функциялардың төмендеуімен сипатталады. Бұл аурудың нақты себебі анықталмаған. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, дұрыс емес өмір салтын ұстанғанда пайда болады. Яғни миға қажетті қорек бармайды немесе оған қажетті қысым түспейді. Ол кез келген жанда кездесуі мүмкін. Әсіресе жас ұлғайған сайын пайда болу қаупі жоғары. Деменцияның алғашқы белгілері:
  1. Ұмытшақтық
  2. Мазасыздық, күдік
  3. Көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия
  4. Тұлғалық өзгеріс
Деменцияның алдын алу жолдары: Көбірек қозғалыңыз. Дене белсенділігі миды қанмен жақсы қамтамасыз етеді және оның қалпына келуіне көмектеседі. Көбірек жүріңіз, велосипед айдаңыз. Адамдармен араласыңыз. Тіпті қаламасаңыз да. Әлеуметтік белсенділік ми үшін ауа сияқты. Миыңызды жаттықтырыңыз. Оқыңыз, жұмбақтар мен кроссвордтарды шешіңіз. Тіл үйреніңіз, жаңалықтарды қадағалаңыз, күн сайын жаңа нәрсені үйренуге тырысыңыз. Зиян әдеттерден аулақ болыңыз. Темекі мен алкогольден аулақ болыңыз. Никотин деменция аурудың қоздырады. Витамин тапшылығына жол бермеңіз. Д дәрумені жетіспесе, ол деменцияны тудыру мүмкін. Сол үшін дұрыс тамақтаныңыз.  Ұйқы. Өзіңізді күніне кемінде 7-8 сағат сапалы ұйқымен қамтамасыз етіңіз. Бірақ одан көп 10 сағаттық ұйқы да деменцияны тудыруы мүмкін. Егер сізде ұйқысыздық, ашығу немесе апноэ байқалса, терапевтпен ақылдасып, көмек сұраңыз.