Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне өзін ұсынуда

Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне өзін ұсынуда

ашық дереккөзі

 width= Сенатор Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне сайлауға қатысуға келісті – деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі DW Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап. 20 тамызда Харрис виртуалды демократиялық саммитте өз кандидатурасын ұсынып, президенттікке кандидат Джо Байденмен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді. 55 жастағы ямайка-үнді тұқымынан шыққан сенатор Дональд Трампты немқұрайлылығы үшін айыптады. Камала Харрис:

Дональд Трамптың елді басқара алмауы адамдардың өмірі мен тұрмысына шығын келтірді. Қазір АҚШ-ты біздің қайғымызды саяси қаруға айналдырып жүрген президент басқарады.
Сонымен қатар америкалықтарды Джо Байденге дауыс беруін үгіттеді. Соңғы сауалнамалар бойынша Джо Байден танымалдығы жағынан Дональд Трамптан озып тұр, бірақ айырмашылық айтарлықтай үлкен емес. АҚШ-тағы президент сайлауы 3 қарашаға белгіленген. Егер жеңіске жетсе, Камала Харрис АҚШ тарихында алғаш қара нәсілді әйел вице-президент болады.

Жүктелуде...