Аудан болып құрылғанына 2 жыл болған Келес ауданында медицина саласын дамыту және ауыл халқын сауықтыру мақсатында айтарлықтай ірі жобалар қолға алынуда. Өткен жылы Келес аудандық ауруханасына 16 жас дәрігер жұмысқа қабылданып, мемлекеттен ақшалай көмек алып, тұрғын үймен қамтылды. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тапшы нейрохирург, балалар педиатры дәрігерлері сынды мамандар аудандағы ауруханаға тартылып, жұмыспен қамтылу
да.
Бұл туралы
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Adym.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Солардың бірі Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің 2012 жылғы түлегі, Қарағанды облысының Шет ауданында хирург дәрігерінен ауданның бас хирургы дәрежесіне дейін көтеріліп, бүгінде Түркістан облысы Келес аудандық ауруханасында терең білімі мен тәжірибесін пайдаланып жатқан – Ғалымжан Берданов.
Осыдан үш жыл бұрын «Абай» Келес аудандық ауруханасына жұмысқа тұрған дәрігер, ауданда алғаш рет операцияның ауыр түрлерін жасай бастады. Заманауи, кішкентай тілікпен жасалатын тірек қимыл аппаратын ерте қалпына келтіретін. осы кезге дейін тек облыс орталығында жасалатын үлкен түтікше сүйектеріне оталар енгізді. Сонымен қатар күйіктен кейінгі тыртықтарды қалпына келтіретін «аутодермопластика» пластикалық оталарды жасай бастады.
Жас маман аурухана атынан біліктілігін арттырып, оқу орындарына жолданған. Бүгінде инсульт алған науқастарға ота жасауды қолға алды. Ауылға келген әрбір жас маман жаңа технологияларды меңгере отырып, өз алған білімдерін ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арнауда. Алдағы уақытта ауылды жерлерде тапшы дерматовенерология және офтольмология саласында жас дәрігерлерді оқытып, емдеу сапасын әрі қарай дамыту жоспарланған.