Алексей Навальныйды ұшақта улаған - комада жатыр

Алексей Навальныйды ұшақта улаған - комада жатыр

ашық дереккөзі

 width= Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлап кетті. Сол себепті ұшақ Омбыға қонып, блогер шұғыл түрде қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл жайында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының" баспасөз хатшысы Кира Ярмыш айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  РИА Новости. сайтына сілтеме жасап. Алексей Навальный астан уланған.

"Алексейді әдейі улаған. Ол тек шай ішті. Дәрігерлердің айтуынша, токсин ыстық сұйықтық арқылы тез сіңіп кеткен", - деп мәлімдеді Ярмыш.
Ол бір жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры" өткен жылы арнайы қабылдау кезінде Навальныйды дәл осылай уламақ болғанына сенімді. Навальныйдың ауруханаға жатқызылғанын денсаулық сақтау министрлігі растады.
"Блогер жедел жәрдем көлігі арқылы қаладағы ауруханаға жеткізілді. Қазір Навальный жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Навальный Омбыдағы ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, қазір ес-түссіз жатыр. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының" баспасөз хатшысының айтуынша, ауруханаға полиция шақырылды. Кейін Навальныйдың баспасөз хатшысы Twitter желісінде оның комаға түскенін хабарлады.  

Жүктелуде...