Бавария ойыншылары Роналду мен Бэйлдің рекордын жаңартты

Бавария ойыншылары Роналду мен Бэйлдің рекордын жаңартты

ашық дереккөзі

 width= «Бавария» футболистері Форвард Роберт Левандовски және Серж Гнабри Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік гол жұбы болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі RBC Ресей жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жартылай финал  «Бавария» мен «Лион» арасында 3-0 есебімен аяқталған еді. Гнабри дубль жасады, Левандовски тағы бір гол соқты. Нәтижесінде Гнабри тоғыз, ал Левандовски он бес голды қанжығасына байлады. Барлығы 24 гол. Бұл Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін бұл рекорд Криштиану Роналду мен Гарет Бэйлге тиесілі еді. «Реал Мадрид» ойыншылары - Криштиану Роналду 17 гол және Гарет Бэйлге 6 гол соққан. 2013/14 маусымда екеуі 23 голды еншіледі. Мюнхен суперклубының ойыншыларына рекордты жаңартуларына мүмкіндік бар. Финалда «Бавария» «Пари Сен-Жерменге» қарсы ойнайды. Шешуші ойын 23 тамызда Португалияда өтеді.

Жүктелуде...