Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді. Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі,- деп хабарлайды
NewsRoom+ Ақпарат агенттігі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінді.
Жобаға сәйкес жаңа нысанда — жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған алаң, жабық мінбер, атқоралар, жабық манеж — шпрингартен, ветеринариялық-профилактикалық бекет, сондай-ақ құрама жемге арналған қоймалар және автотұрақ болады деп жоспарлануда.