Елордада дәрігерлер мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полиция, мәдениет және спорт қызметкерлері қолжетімді баспана алуға өтініш бере алады, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Кезекте тұрған әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына үй салу жұмыстары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтанда 47 мыңнан астам адам коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұр. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектер, сондай-ақ жетімдер мен көпбалалы отбасылар пәтер алуға негізгі құқыққа ие.
Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру аясында тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше бағыттары қарастырылған. Ол туралы Нұр-Сұлтан әкімі Кульгинов
Instagram парақшасында былай дейді:
Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есеге артты.
Яғни 2020 жылы шамамен 8000 пәтер беру жоспарланған.