Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді

Түркістан: Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді

Түркістан: Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді
ашық дереккөзі
Түркістан облысына Германиядан және Украинадан гуманитарлық көмек келіп жетті. Көмек медициналық бетперде, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады. Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды.
Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы саны 4000-нан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін, барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады. Бұл шаралар облысымызда коронавирустың таралу жағдайы азайып, ақуал тұрақталғанша жалғаса бермек.