Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мектеп-интернатта бала қайтыс болды

Мектеп-интернатта бала қайтыс болды

Мектеп-интернатта бала қайтыс болды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында Семей қаласындағы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында бала қайтыс болғаны туралы жазылды. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат агенттігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. «Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, 17 тамызда Семей қаласының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат« КММ тәрбиеленушісі қайтыс болды. Бала өлімінің алдын ала көрсетілген себебі – бас миының ісінуі. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оны ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат басқарады. Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы, ТКҚСҚБД, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді. Әр баланың өлімі – қайғылы жағдай. Сондықтан әр жағдайды толыққанды зерделеп, зерттеу қажет. Айта кету керек, аталған мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында» делінген ресми хабарламада.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату