Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы президент
Twitter-де жазды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
"Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырдым", - деді Тоқаев.
19 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
"Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін ұсталып жатқанын оқитын болдық", - деді мемлекет басшысы.