Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

ашық дереккөзі

 width= ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 20 тамыз күні 06 сағат 32 минут 22 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 707 шақырым жерде – Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жел сілкінісінің энергетикалық санаты – 9,6. MPV магнитудасы – 3,9. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) мәлімет жоқ.  

Жүктелуде...