Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қайғылы оқиға: дезинфекциядан үш бала уланып өлді

Қайғылы оқиға: дезинфекциядан үш бала уланып өлді

Қайғылы оқиға: дезинфекциядан үш бала уланып өлді
ашық дереккөзі
 width= Шымкентте үш баланың уланып өлуіне себепші болды деп айыпталып жатқан дезинсектордың ісі сотта қаралып жатыр. Қайғылы оқиға ақпан айында болған. Залаласыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізілмегені дәлелденсе, дезинсектор 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 42 жастағы азаматтың соты жартылай онлайн режимінде өтті. Негізі бұл іс шыжғырған шілде айында басталған. Бұл үшінші отырыс, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
"Іс бойынша бірнеше куәден жауап алынды. Қалған куәлерден алдағы сот отырысында жауап алынады", - деді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.
Келтірілген деректерге қарағанда дезинсекция маманының екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді.
"Қылмыстық іс бойынша екі фактіге, яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмаса да, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген", - деп атап өтті судья Қайрат Ізбасаров.
Сот барысында сегіз куәнің төртеуі тыңдалған. Қалғандары келесі процестерде көрген-білгенін айтуы тиіс.