Кеше, 18 тамызда Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың қатысуымен «Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. «Nur Otan» партиясының праймеризі елімізде эволюциялық өзгерістер жасауға бағыт» тақырыбымен Лига жақтастарының жетінші ZOOM-конференциясы өтті. Бұл конференцияға бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлер де қатысты.
Онлайн-кездесудің модераторы саясаттанушы Ерлан Саиров болды. Конференцияға блогер Денис Горобец, Қарағанды облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Ғабдолла Дүйсенбаев, «Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов, Инстаграмдағы «v Petropavlovske» пабликтің авторы Дмитрий Протопопов, саясаттанушы, журналист Нина Митчинова, кәсіпкер Алмагүл Молдабаева және басқалар қатысты.
Модератор, саясаттанушы Ерлан Саиров аталмыш іс-шараны ашты. Ол бүгінгі таңда әлемдегі ахуал шиеліскенін, АҚШ пен Қытай арасындағы жағдай қиындай түскенін, сондай-ақ Ресей мен Белоруссиядағы толқуларды атап өтті. Сонымен қатар әлемдегі толқуларға байланысты Қазақстан бірінші кезекте мемлекетіміздің эволюциялық дамуы туралы ойлануы тиіс екенін айтты.
Модератордың айтуынша, бұл өзгерістердің символы еліміздің әрбір азаматы болуы керек.
«Біз қандай да бір өзгерістерді талап еткенде, әрқайсымыз өзгергенше ешқандай да өзгеріс болмайтынын, мінез-құлық мәдениеті немесе саяси тәуелділік өзгермейтінін білуіміз керек. Nur Otan партиясы бүгін праймеризді жариялап отыр және праймериздің бүкіл әлемдегі демократияның негізгі аспектісі екенін білеміз. Бұл бүкіл әлемде адал және ашық ерік-жігер», - деді Ерлан Саиров.
Онлайн-кездесу кезінде спикерлер партияның праймеризіне қолдау білдіріп, праймеризге кандидат және бақылаушы ретінде қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, Денис Горобец, Нина Митчинова және Дмитрий Протопопов БАҚ және әлеуметтік желілерде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
«Менің ойымша, әлеуметтік желілер арқылы праймериз және барлық сайлау процестерін, сондай-ақ болашақ депутаттарды қолдау қажет. Мен міндетті түрде көмектесемін, праймеризді қолдаймын және сайлау өткізу барысында қоғамдық бақылауды жүзеге асырғым келеді», – деді «v Petropavlovske» қоғамдық қорының авторы Дмитрий Протопопов.
Ал Денис Горобец «Birgemiz» қоры көмегінің маңыздылығын айтты.
«Мен интернетте прймериз барысын жариялап отыруға көмек көрсетемін. «Biz Birgemiz» акциясы адамдарға көп көмек көрсетті. Алайда партия ішінде өзгерістер қажет және бұл праймериз бізге қажет», - деп атады ол.
Нина Литвинованың айтуына қарағанда, Ақмола облысының жастары партия ішіндегі сайлауға белсенді қызығушылық танытып отыр және қатысуға дайын.
«Праймеризге қатысуға көбірек жастар ниет білдіріп отыр», - деді ол. Сөз соңында спикер облыс халқы қазір Nur Otan партиясының праймеризі өтіп жатқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан және әлеуметтік желілер арқылы жақсы хабардар екенін атап де өтті.
Өз кезегінде «Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов праймеризге қатысатынын айтты.
«Ал праймеризге келер болсақ, мен аталған науқанға міндетті түрде қатысамын. Өйткені ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біріншіден партия ішіндегі бәсекелсікті арттырады», - деді ол.
Сонымен қатар ол ел бірлігінің арқасында вирусты ауыздықтағанын және қазір жағдай тұрақталғанын айтты.
Ал жас саясаттанушы Бауыржан Серікбаев бақылаушы болам деген азаматтармен де байланыс орнатқанын айтып, праймериз өткізудің маңыздылығы туралы өз пікірін жеткізді.
«Праймериз Қазақстанда бірінші рет өткізілген соң халықтың арасында сеніммен қатар аздаған күдік те жоқ емес. Біз тәуелсіз бақылаушыларды республика бойынша тартуымыз керек. Аудандардағы кәсіпкерлерді де тарту маңызды. Праймериздің әділ өтуіне, жалынды жастардың жаңа қызметтерге келуіне жағдай жасауымыз керек», – дейді жас саясаттанушы.
Конференцияға қатысушылар праймеризді өткізу ережелеріне, шарттары мен кезеңдеріне, дауыс беру тәртібіне, квоталау жүйесіне қызығушылық танытты.
Іс-шараны қорытындылайтын кезде Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев үгіт-насихат кезінде праймериз қатысушыларына сындарлы сын ұстанып, бар проблемаларды айтудан қорықпауға шақырды.
«Біз орынды сын айта алатын адамдардың праймеризге қатысу арқылы жеңіске жетіп, тек «Nur Otan» партиясының ғана емес, сондай-ақ билік өкілеттіктеріне ие, келеңсіз жағдайларды өзгерту мүмкіндігі бар адамдар тобының бір бөлігіне айналуы үшін механизм жасаймыз», - деді Арман Қырықбаев.
Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталып, 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн беріледі.
7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.