Биыл Алтын адам табыла ма?

Биыл Алтын адам табыла ма?

ашық дереккөзі

 width= Жыл сайын, кем дегенде соңғы 2-3 жыл көлемінде жазда ел жұртшылығын елең еткізетін "Қазақстанда тағы бір Алтын адам табылды" деген айдармен "сенсациялық" жаңалық шығатын. Оған етіміз де үйреніп кетті. Оған халық та үйренді. Қазір оған ешкім таңғалмайтын деңгейге де жеттік. Алтын адам тапқанда әбестік жоқ, дегенмен оның артында Қазақстан археология ғылымында шешілмеген талай мәселе жатыр. Ретімен айтсақ.                                              Алтын адам жылда табылады - зертхана жоқ Біріншісі, табылған Алтын адамның антропологиялық материалын зерттейтін, мойындалған, әрі құрылымдық тұрғыда толық қамтамасыз етілген бірде бір зертхана жоқ. Айтарымыз тек жалғыз антрополог Оразақ Смағұлов қана. Биыл 90 жылдығын атап өтуде. Сондықтан, археологтар сараптама жасау үшін көп жағдайда сырттан маман алдыртуға немесе шетелде жасатуға мәжбүр.                                                        Ескерткіште ескеретін дүние көп Екіншіден, кез келген археологиялық ескерткіштің нақты жасын анықтау әдісі. Кең таралғаны радикөміртегілік әдіс. Бұндай орталықтар ғылымға ден қойған елдердің біразында бар. Ал бізде баяғы жартас.                                                              Жаңашаландыру әдісі жоқ Үшіншіден, антропологиялық реконструкция. Бұның жыры әуелден түсінікті. Антропологиялық сараптама жасай алмай отырған елде реконструкция болмайтыны бесенеден белгілі.                                                     Тарихи түсінік - қызықты экспертиза Төртінші, кез келген басқа сараптама. Атын атап түсін түстеу міндетті емес. Оларды бесінші, алтыншы деп айта беруге болатын еді. Сондықтан, табылған Алтын адаммен мақтанып жар салар алдында осы жағын да бір ойлап қойсақ жөн болар еді. Ішкі зертханаларды дамытпайынша, өз кадрларымызды дайындамайынша, сыртқы зертханаларға тәуелділікті жоймай, олардың технологияларына, олардың мамандарына кіріптарлығымыз қала бермек. Бір кем дүние(

Автор: Айбар ҚАСЕНАЛИН

Жүктелуде...