Еңбек жолын 1996 жылы «Водоканал» басқармасында фрезеровщиктен бастаған. «Ақ бұлақ сервис» МКК техник, мастер болған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің индустрия және энергетика департаментінің жетекші маманы қызметін атқарған.
2000 – 2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің энергетика басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, Шымкент қаласы әкімшілігінің энергетика және коммуналдық қызмет бөлімі бастығы орынбасарының м.а. қызметін атқарған.
2002 – 2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустрия, энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
2004 – 2006 жылдары Арыс қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2006 – 2013 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі қызметін атқарған.
2013 жылдың қараша айынан бастап «Kontinentalstroi» ЖШС атқарушы директоры болып еңбек етіп келді.